ҰҚК: Электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесіне кибершабуыл жасалды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылы мамырда электрондық үкіметтің сатып алуы ақпараттық жүйесіне үйлестірілген кибершабуыл бойынша қылмыстық тергеуді аяқтады. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның маңызды объектісі болып табылатын goszakup.gov.kz мемлекеттік интернет-ресурсының жұмысы бұғатталған. Бұл туралы ORDA хабарлайды.
Осы кибершабуылдың нәтижесінде жалпы сомасы 164 миллиард теңгеге 7901 мемлекеттік сатып алу кейінге қалдырылды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, оның ішінде «ЦЭФ» АҚ (электрондық қаржы орталығы) көмегімен электронды мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезінде артықшылықтар алу мақсатында мемлекеттік интернет-ресурста кибершабуыл жасаған Қазақстан азаматы анықталды.
Тергеу және компьютерлік-техникалық сараптама нәтижелері бойынша оның кінәсі толық дәлелденді, қылмыс құралдары тәркіленді.
Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында Нұр-Сұлтан Сарыарқа аудандық сотының шешімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 207-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағымен «Ақпараттық жүйені немесе телекоммуникация желілерін бұзу» бойынша айыпталып, екі жыл мерзімге бас бостандығын айрылды, үш жылға дейін электронды мемлекеттік сатып алу саласында қызмет көрсете алмайтын болды.
Жаңалықтар
- Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
- Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды
- Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?
- Жамбыл облысының тұрғыны көмекке келген фельдшердің кеудесіне оқ атты
- Маңғыстаудағы кен орнында бұрғылау мұнарасы құлады
- 13 мүрде шыққан Almaty Hostel-ге қатысты үкім: Неге көп сұрақтар жауапсыз қалды?
- Қажылыққа жинаған ақшасын мұқтаж жандарға үлестірген 94 жастағы ақсақалға Меккеге жолдама сыйланды
- Шенеуніктің шымбайына батқан сын: Ұлытау облысының әкімі көпбалалы анадан 495 мың өндіріп алды
- «Орданы» аждаха жұтпақ: Гүлнәр Бажкенова тәуелсіз басылымды қалай тартып алғалы жатқандарын айтып берді
- «Екінші мәрте»: Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды
- Астанада Үкімет үйіне өрт қойған 24 жастағы ер адам ұсталды
- «Мен күйеуімді жақсы көремін»: Qurt-тың жұбайы зорлық туралы шағымын қайтарып алды
- Тоқаев Трамптың баж салығына қатысты хатына жауап қайтарды
- Перизат Қайраттың тергеу изоляторында соққыға жығылғаны жалған болып шықты
- Джулли Стаффт АҚШ елшісі болуы мүмкін
- БҰҰ Гүлнәр Кәрімованың қамауға алынуын заңсыз деп тапты
- «Сүйіктісін өлтіріп, мәйітін қорлаған»: Шымкентте 19 жастағы жігітке үкім шықты
- «Ауруханаға түсті»: Ақтөбеде 9 жыл әкім болған азамат өзіне қол жұмсамақ болды
- «Бектеновтің сынынан нәтиже жоқ»: Ақтөбе облысы Жұрын ауылындағы жаңа асфальт үгітіліп жатыр
- Ұлттық қорғаныс университетінің полковнигі әйел зорлады деп күдікке ілінді