Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды

cover Фото: gov.kz

​​Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.      

Шиеленіс аймағындағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста.

Әуе рейстерінен бөлек, азаматтарды шығару Әзербайжан, Армения және Түрікменстан мемлекеттерінің құрлықтағы шекаралары арқылы да жүзеге асырылып жатыр.

Таяу Шығыс елдеріндегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыс ұстап отыр.

Еске салайық, 28 ақпанда Израиль Тегеран қаласына соққы жасады. Соғыстың басталуына байланысты Қазақстаннан Таяу Шығысқа бағытталған бірқатар әуе рейстері тоқтатылды, оның ішінде Астана қаласынан ұшатын кейбір рейстер де бар. АҚШ пен Израильдің Иранмен қақтығысы өңірдің бірнеше еліне әсер етті.

Оқи отырыңыз:












Жаңалықтар

барлық жаңалықтар