Яна Легкодимованың өлімі: Өмір бойына сотталған екі жігіт апелляцияға арыз берді
Фото: Instagram/ legkodimova
Атырауда Яна Легкодимованың өліміне қатысты іс бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов сот үкімін апелляциялық тәртіпте қайта қарауды талап етті, деп хабарлайды Orda.kz.
Жәбірленуші тарап өкілдерінің мәліметінше, апелляциялық шағымдар 2026 жылғы 21 қаңтарда түскен және қазір заңгерлер тарапынан зерделеніп жатыр. Келесі кезеңде іс апелляциялық сатыда қаралады.
Бірақ үкім заңды күшіне енсе, сотталғандар №39 мекемеге, яғни ерекше режимдегі «Қара Бүркіт» колониясына жөнелтіледі.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2024 жылғы 19 қазанға қараған түні болған. Яна Легкодимованың мәйітінің қалдықтары сегіз ай өткен соң Жайық өзенінің жағасынан табылды.
Сот төрешісі Зарема Хамидуллина процесті бір сағаттан астам уақыт жүргізіп, қатыгез қылмыстың мән-жайын оқып шықты. Сот бейнематериалдарында Янаның денесінен тек сүйектері қалғанын көруге болады. Қыздың анасы Галина Легкодимова көз жасын ұстай алмады. Сот денені Жайық өзеніне тастағаннан кейін жануарлардың зиян шегуі мүмкін екенін де айта кетті.
2025 жылғы 17 қарашада сот Хайржанов пен Катимовты өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім етіп, материалдық өтемақы төлеуді міндеттеген.
Сонымен қатар, Яна Легкодимова ісін ашқан тергеушіге мерзімінен бұрын майор атағы берілді.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады