Ирандық спорт командаларына «дұшпан» елдерге баруға тыйым салынды

cover Фото: Tahreer Photography

Иранның  спорт министрлігі әртүрлі спорт түрлері бойынша командалар мен ұлттық құрамалардың «дұшпан» елдерге шығуына тыйым салды, деп хабарлайды Orda.kz Риа Спорт-қа сілтеме жасап. 

Министрлік Иран спортшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтын елдерге шығуына тыйым салды. 

Бұл шешім Азия футбол конфедерациясының Чемпиондар лигасы аясында қабылданды. Иранның «Трактор» клубы мен БАӘ-нің «Шабаб Аль-Ахли» командасы арасында Сауд Арабиясында ойын өтуі керек еді.

Министрлік «дұшпан» елдердің нақты тізімін жарияламады. Сонымен қатар, Иранның әуе кеңістігі әлі ашылмады.

Бұған дейін Иран футбол федерациясы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезең матчтарын АҚШ-тан Мексикаға ауыстыру мәселесі бойынша Халықаралық футбол федерациясымен (ФИФА) келіссөз жүргізіп жатқаны хабарланған еді.

Иран АҚШ пен Израильмен болған қақтығыс аясында БАӘ, Сауд Арабиясы және Парсы шығанағындағы басқа елдер аумағындағы базаларға соққы жасаған. Олар бұл базаларды АҚШ Иранға қарсы соққы жасау үшін пайдаланып отыр деп мәлімдеген.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар