Ирандағы қыздар мектебінде қаза тапқандар 148 адамға жетті, 107 адам жарақат алған

cover Бейнеден кадр

Иранның білім министрлігіне сілтеме жасаған жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Ирандағы қыздар мектебінде қаза тапқандар саны 148 адамға жетті,  тағы 107 адам жарақат алған, деп хабарлайды Orda.kz.

Fars және Tasnim агенттіктерінің хабарлауынша, қаза тапқандар арасында оқушы қыздар мен олардың отбасы мүшелері бар. Кейбір ата-аналар балаларын мектеп ғимаратының алдында күтіп тұрған кезде соққыға ұшыраған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында үйінділерді аршу жұмыстары жалғасып жатыр, қираулар астында әлі де адамдар болуы мүмкін.

 


Мектеп ғимараты толықтай қираған. Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Эсмаил Багаи қаза тапқандар саны 160 адамға дейін артуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Fars агенттігі сондай-ақ Ламерд қаласындағы (Парсы провинциясы) балалар спорт залына жасалған соққы туралы хабарлады. Алдын ала деректер бойынша,  шабуыл кезінде залда балалардың 15-тен астамы қаза тапқан болуы мүмкін.

Бұған дейін АҚШ пен Израиль жасаған соққылар кезінде Минаб қаласында зымырандардың бірі қыздар мектебіне түсті. Бастапқыда 50-ден астам адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.

Еске салсақ, Иран үкіметі мен Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) Израиль мен АҚШ әуе соққылары салдарынан Ислам Республикасының Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеидің қаза тапқанын растады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар