Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді

cover Фото: isna.ir

Иранның жаңа жоғарғы жетекшісі Моджтаба Хаменейдің жараланғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметті ел президентінің ұлы жоққа шығарды, деп хабарлайды Orda.kz ISNA агенттігіне сілтеме жасап. 

Моджтаба Хаменейдің жараланғаны туралы ақпараттан кейін президенттің кеңесшісі әрі ұлы Юсеф Пезешкиан жаңа сайланған жоғарғы жетекшінің денсаулығын сұрастырған. 

«Моджтаба Хаменей мырзаның жараланғаны туралы хабарды естідім. Достарыммен байланыстым, жағдайын сұрадым. Құдайға шүкір, ол сау және ешқандай мәселе жоқ», – деді ол.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Иран билігіне жаңа жоғарғы жетекші келді. Бұл лауазымға қаза болған билеуші Әли Хаменейдің екінші ұлы – 56 жастағы Моджтаба Хаменей сайланған болатын.

Сонымен қатар, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа жоғарғы жетекшіге көңілі толмайтынын айтқан еді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар