Иран соғысында қол ұшын бермеген еуропалықтарға Трамптың өкпесі қара қазандай
Фото: flickr/White House
17 наурызда Ақ үй басшысы Еуропа елдерінің көшбасшыларына көңілі толмайтынын бірнеше рет қайталап айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол алдымен Франция президенті Эммануэль Макрон елі АҚШ-қа Ормуз бұғазын ашу операциясында көмектеспейтініне реніш білдірді.
«Жақын арада ол қызметінен кетеді»,– деп Трамп Макронның Франция президенті қызметінен кететінін сәуегейлікпен болжады.
Сондай-ақ Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер де Трамптың сынына ұшырады. Трамптың пікірінше, ол Ирандағы соғысқа жеткілікті қолдау көрсетпеген.
Бұл жағдай Трамптың ашулы жазбасымен аяқталды. Онда ол НАТО елдерінің Иранға қарсы соғысқа қатысудан бас тартқанын сынға алды.
«Олардың әрекетіне таңғалмаймын, себебі мен әрқашан НАТО-ны біржақты ұйым деп есептедім. Біз жыл сайын осы елдерді қорғау үшін жүздеген миллиард доллар жұмсаймыз. Біз оларды қорғаймыз, ал олар біз үшін ештеңе істемейді, әсіресе қиын сәтте» деп жазды Трамп өзінің жеке парақшасында.
Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операцияда «кестеден озып жеңіп жатырмыз» деп мәлімдеген болатын. Алайда соңғы оқиғалар мен нақты нәтижелерге қарағанда, Ақ үйдің ресми мәлімдемелері мен майдандағы жағдай арасында айтарлықтай қайшылық бар. Сарапшылардың пікірінше, соғыс барысы Трамп әкімшілігінің бірнеше стратегиялық қателігін көрсетті. Осы тақырыпқа арналған тілшіміздің шолу материалын толық мына сілтемеден оқи аласыздар.
Оқи отырыңыз:
- Кубадағы толық блэкаут: Энергетикалық дағдарыс, Трамп қысымы және көшедегі наразылық
- Франция президенті Эммануэль Макрон Тоқаевқа бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
Жаңалықтар
- Иран соғысында қол ұшын бермеген еуропалықтарға Трамптың өкпесі қара қазандай
- Атырауда бір отбасын түгелдей қырып салған күдіктіге тағы екі бап бойынша айып тағылды
- Алматыда оқушы өзіне қол салып, қылмыстық іс қозғалды
- Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, бір адам комада жатыр
- ИРНА: Иран зымырандары Израильдің орталық аймақтарына жетті
- Наурызда өтетін матчтарға қатысатын футболшылардың тізімі белгілі болды
- Бүкіл ел бойынша дауылды ескерту
- Франция президенті Эммануэль Макрон Тоқаевқа бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты
- Қырғызстанда Тәшиевтің ұлы полицияға жеткізілді
- Пәкістан премьер-министрі: Референдум мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызды
- Парамен сотталған Хаменованың түрме жазасы бостандығын шектеуге ауыстырылды
- БҚО-да кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген шенеунік қайтыс болды
- Айт намазының кестесі 2026: Ораза айт намазы әр өңірде қай уақытта оқылады?
- Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы қаза тапты
- Көктемгі әскерге шақыру басталды: 21 мыңнан астам азамат сарбаз атануға міндетті
- Нұрлан Сабуровтың әйелі Ресейдегі бизнесін жапты
- Тоқаев: «Тағдыршешті сәтке куә болдық»
- Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыруға қатысты Жарлыққа қол қойды
- Қазақстанда тек шетелдіктерге арналған жаңа казинолар ашылады
- Несие алу қиындайды:Ұлттық банк қосымша шектеулер енгізеді