Иран мен Израильде 351 қазақстандық бар – СІМ
Фото: Pixabay.com
Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуын Қазақстан сыртқы істер министрлігі бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазіргі таңда Иранда – 132, ал Израильде – 219 қазақстандық азамат бар.
«Қазақстанның бұл елдердегі елшіліктері күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр. Дипломаттар азаматтармен тұрақты байланыс орнатқан», – деді ол.
Смадияров сонымен бірге Таяу Шығыстағы шиеленіс кезінде қазақстандықтардың зардап шекпегенін атап өтті.
«Мемлекеттік органдардың ескертуіне қарамастан, соңғы екі күнде әуе тасымалдаушылар Қазақстаннан БАӘ бағытына жолаушы тасымалдады», – деді министрлік өкілі.
Сондай-ақ, таңертең Түрікменстан Ираннан қазақстандықтарды эвакуациялау үшін транзиттік дәліз ашқаны белгілі болды. Қазір министрлік әуе компаниялармен және «Туристік қамқор» қорымен бірлесіп, туристерді елге қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады