Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан халқына үндеу жасады
Мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан халқына үндеу жасады. Үндеудің мәтіні Abai.kz парталында жарияланды.
— Ағайындар, бауырлар, азаматтар! Осынау қаңтардың қаһарлы күндері елімізде, оның ішінде айналайын ақ Алматымыздың басына түскен қаралы күндері орын алған дүрбелеңде Өздеріңізге үн қатуды азаматтық парызым деп білемін. Өкінішке қарай, осы күндері қаза тапқан азаматтар аз емес. Олардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Имандары жолдас болсын. Сөз жоқ, біздің ел ежелден еңбек пен ерлікті, жігер мен ерікті ту еткен текті халық. «Бас кеспек бар болса да, тіл кеспек жоқ» деп өз тілегін тілімен, сөзімен жеткізген жұрт. Сондықтан да бұл күндері кей өңірлерде басталған шерулер бейбіт сипатта, әділетті талаппен болды. Десе де, арнайы дайындалған арандатушылар мен содырлар жағдайды пайдаланып кетті. Нәтижесінде, «Тәуелсіздіктің тал бесігі» саналатын алып шаһарды қантөгістің алаңына айналдырды. Бұл жәй ғана қылмыс емес. Бұл жауыздық! Отанға, Тәуелсіздікке жасалған опасыздық! Қарапайым азаматтарымызға жасалған қатігездік, - деді Тасмағамбетов.
Оның айтуынша, елдің ауыр жауапкершілігі мемлекет басшысының мойнында. Осы орайда мемлекет қайраткері елді президентті қолдауға шақырды.
— Мұндайда ел болашағы үшін жауапкершіліктің ауыр жүгі Мемлекет басшысының мойнында. Ал дәл қазір Президент әр азаматтың, әр отбасының, тұтас қоғам қауіпсіздігінің жалғыз кепілі! Осы орайда, мен барша қазақстандықтарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсетуге шақырамын! Біз қай жерде туып, қай өңірде жүрсек те бір атаның баласымыз. Қарға тамыр қазақпыз! Мен күшті де қуатты, әсем де әлеуетті мемлекеттің ертеңіне сенемін! Аман болайық! Ел бірлігі мен берекесін сақтайық, ағайын!
Жаңалықтар
- Алматыда меценаттар болашақ мұғалімдерге жатақхана салып берді
- Қазақстанда Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылды
- Фискалдық деректер операторы нарығында қолайлы қызмет іске қосылды
- 6 мамырдан жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізіледі
- Шымкенттегі ірі компаниялардың бірі «Azala Cotton» зауыты жұмысын тоқтатты
- ШҚО-да қасқыр жеке үйге кіріп, тұрғындарға шабуыл жасады
- Бағдат Мусин несімен есте қалды: Starlink, цифрландыру және Токиомен салыстыру
- Тәжікстан азаматтары Ресейден шығарылды
- Құлыбаевтың компаниясы жоғары баға үшін миллиард теңге төлейді
- Тбилисиде тұтқындау басталды: арнайы жасақ резеңке оқ пен газ қолданды
- Алматыда халықаралық шар фестивалі тоқтатылды
- ERG бақылауындағы компания Павлодардағы саябақ жерлерін заңсыз иемденіп алды
- Мамыр айындағы мереке күндеріне байланысты шекара бекеттерінің жұмыс уақыты өзгереді
- Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады
- Тоқаев Бағдат Мусинді цифрлық даму министрі қызметінен босатты
- Президент Тоқаев қазақстандықтарды Халық бірлігі күнімен құттықтады
- Қазақстанның төрт облысында табиғи апат болуы мүмкін
- 1 мамырдан бастап әуежайларда қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
- Тоқаев Бас прокуратураға активтерді іздеу мен қайтаруда заманауи технологияларды пайдалануды тапсырды
- Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көліктерінің кезегі пайда болды