Илон Маск Израильге келді

cover

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы, X әлеуметтік желісінің (бұрынғы Twitter) иесі Илон Маск Израильге келді.

Илон Маск Тель-Авивке жеке ұшағымен келді. Ол Израиль президенті Исаак Герцогпен, премьер-министр Беньямин Нетаньяхумен кездеседі, сонымен қатар Газа секторының шекарасына жақын Израиль ауылдарына барады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, қазір Израиль мен ХАМАС арасында Катардың арағайындығымен қол жеткізілген төрт күндік бітім аясында тұтқындарды алмасу жүріп жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар