ХОК шеттетілген украиналық скелетоншыға Олимпиадада қалуға рұқсат берді

cover Фото: Franck Fife/AFP/Getty Images

Дулығасында соғыста қаза тапқан спортшылардың портреті бейнеленген украиналық скелетоншы Олимпиададан шеттетілген болатын. Енді Владислав Гераскевич жарыстарға қатыса алмайды, алайда оның аккредитациясы сақталады және ол Миландағы Олимпиада ойындарында қалады, деп хабарлайды  Orda.kz.       

Мұндай шешімді Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Кирсти Ковентридің өтініші бойынша Тәртіптік комиссия қабылдаған.

Ковентри Гераскевичпен жарыс басталар алдында, оны жарыстан шеттету туралы шешім қабылданардан бұрын, таңертең ерте кездесіпті. Reuters агенттігінің жазуынша, кездесу шамамен 10 минутқа созылған. Кейін ол бұл туралы журналистерге көзіне жас алып, айтып берген.

«Ешкім, әсіресе мен, бұл үндеумен келіспейді деп айта алмаймын, бұл өте маңызды естелікке арналған үндеу», — деді ол.  

Сонымен қатар, ХОК ымыраға келуге болатын нұсқалар ұсынғанын, соның ішінде қаралы таңғыш байлау немесе дулығаны жарысқа дейін немесе жарыстан кейін көрсету мүмкіндігін бергенін айтады.

«Өкінішке қарай, біз ортақ шешімге келе алмадық. Мен оның жарыс жолына шыққанын шынымен де қаладым. Бұл, әрине, көңіл-күйге әсер ететін жағдай», — деді Ковентри.

Украинаның Ұлттық олимпиада комитеті ХОК шешіміне шағымдануға ниетті.

Еске салсақ, 2024 жылы Париждегі Олимпиадада ұлттық құрамалар шеруі кезінде France 2 телеарнасының жүргізушісі Таулы Қарабақтан айырылғандықтан 2023 жыл Армения үшін қаралы жыл болғанын айтып, сол үшін Әзірбайжан Халықаралық Олимпиада комитетіне шағым түсірген болатын. 

Оқи отырыңыз:



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар