Хасан Қасымбаевтың жақындары сот үкімінен кейін шу шығарды

cover Фото: Orda.kz

Елге «хуторлықтар» атты ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы деп танылған Хасан Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған адам ұрлап, ақша бопсалады және денсаулыққа ауыр зиян келтірді деген айыптар тағылды. Айта кету керек, ол жалғыз сотталып жатқан жоқ. Онымен бірге тағы бес адам сотталды. Сот үкімінен соң айыпталушылардың жақындары шу шығарды.

Orda.kz тілшісі сот үкімін тыңдап қайтты.

Сот шешіміне сотталғандар да, олардың жақындары да наразы болды.

«Ұятсыздар! Өздеріңді соттау керек!» – деп айғайлады бір әйел.
«Басыңды түсірме, бауырым! Сен кінәлі емессің!» – деді тағы бір ер адам. 

Кейбір әйелдер көз жасына ерік берді. Сот залындағылар абыр-сабыр болып қайтерін білмей қалды.

Айта кетейік  соңғы сөзінде де, Orda.kz тілшісіне берген сұхбатында да Хасан Қасымбаев өзінің кінәсіз екенін айтқан болатын. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар