Халық үкіметке емес, үкіметтің өзі халыққа масыл болып отыр

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Ауыл партиясының жетекшісі Әли Бектаевты сынға алды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
21 маусым парламент отырысында депутат Әли Бектаев халыққа жәрдемақы көп берілетіндіктен, масылдық психология етек жая бастады деп алаңдаушылық білдірген.
Ол көпшіліктің сынына алынып, «халық арасындағы масылдық психологиясын айтпас бұрын, депутаттар өз араларындағы ашкөздік психологиясын жойсын» деген сын естіген.
Әли Бектаевтың ойымен Мұхтар Тайжан да келіспеді. Ол өзінің Facebook парақшасында «партияның өкіліне халықты «масыл» деп айту тіпті ұят» дейді.
– Халық мемлекетке (Үкіметке) ешқандай масыл емес.
Ауыл партиясының жетекшісі Бектаев мырзаны мен сыйлаушы едім, әлі де құрметтеймін. Бірақ, халыққа масыл деп айту - мүлдем негізсіз.
Соңғы 10 жылда мемлекет жеке секторын жойып, мемлекетттік экономиканы орнатты. Қазақстан экономикасы нағыз советтік-госпландық экономикаға айналып кетті. Қайда барсаң мемлекеттің рөлі басым, монополия.
Бұндай жағдайда жұмысшы орындар әлбетте азаяды, ал әлеуметтік көмек көбейеді. Бұндай жүйені үкімет-мемлекет өзі құрып алды.
Ал Ауыл партиясының төрағасы жайылымдармен не болып жатқанын жақсы біледі деп ойлаймын. Жайылымдар блатнойлардың ғана қолында. Қарапайым халық жайылымсыз қиналып отыр. Сондықтан нақты бұл партияның өкіліне халыққа «масыл» деп айту, тіпті ұят.
Ал Үкімет Ұлттық қорымызды жеп болды, ол туралы мен жазғанмын. Ұлттық қор дегеніміз ол халықтың қазынасы, ұрпақтың үміті. Демек үкіметтің өзі халыққа масыл болып тұр, - деп жазды ол.
Жаңалықтар
- Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
- Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды
- Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?
- Жамбыл облысының тұрғыны көмекке келген фельдшердің кеудесіне оқ атты
- Маңғыстаудағы кен орнында бұрғылау мұнарасы құлады
- 13 мүрде шыққан Almaty Hostel-ге қатысты үкім: Неге көп сұрақтар жауапсыз қалды?
- Қажылыққа жинаған ақшасын мұқтаж жандарға үлестірген 94 жастағы ақсақалға Меккеге жолдама сыйланды
- Шенеуніктің шымбайына батқан сын: Ұлытау облысының әкімі көпбалалы анадан 495 мың өндіріп алды
- «Орданы» аждаха жұтпақ: Гүлнәр Бажкенова тәуелсіз басылымды қалай тартып алғалы жатқандарын айтып берді
- «Екінші мәрте»: Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды
- Астанада Үкімет үйіне өрт қойған 24 жастағы ер адам ұсталды
- «Мен күйеуімді жақсы көремін»: Qurt-тың жұбайы зорлық туралы шағымын қайтарып алды
- Тоқаев Трамптың баж салығына қатысты хатына жауап қайтарды
- Перизат Қайраттың тергеу изоляторында соққыға жығылғаны жалған болып шықты
- Джулли Стаффт АҚШ елшісі болуы мүмкін
- БҰҰ Гүлнәр Кәрімованың қамауға алынуын заңсыз деп тапты
- «Сүйіктісін өлтіріп, мәйітін қорлаған»: Шымкентте 19 жастағы жігітке үкім шықты
- «Ауруханаға түсті»: Ақтөбеде 9 жыл әкім болған азамат өзіне қол жұмсамақ болды
- «Бектеновтің сынынан нәтиже жоқ»: Ақтөбе облысы Жұрын ауылындағы жаңа асфальт үгітіліп жатыр
- Ұлттық қорғаныс университетінің полковнигі әйел зорлады деп күдікке ілінді