Головкиннің алғашқы жаттықтырушысы қайтыс болды
Фото: sportilinet
Қазақстандық боксшы Генадий Головкиннің алғашқы жаттықтырушысы Виктор Дмитриев бақилық болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Виктор Дмитриевтің жаттықтырушылық тәжірибесі 35 жылдан асқан еді. Бапкерлікке дейін ол шахтада және ПТУ-да оқытушы болып жұмыс істеді. 2023 жылы Дмитриев 70 жылдық мерейтойын атап өткен болатын. Дмитриев Генадий Головкинді жасөспірім жасқа дейін жаттықтырған. Кейін ол Ғалымжан Кенжебаевтың қанатының астына ауысқан еді.
«№1 ГПТУ спорт залындағы жаттығулардың бірінде маған 10 жастан асқан қарапайым жұмысшы отбасынан шыққан егіз ағайынды Максим мен Геннадий Головкиндер боксқа жазылуға келді. Балалар басқаларға қарағанда аса қатты көзге түсе қойған жоқ. Олар футбол ойнап, кросспен жүгіргенге мәз болатын. Басында маған барынша жетістікке жететін болып көрінді, ол жастар арасында Қазақстан чемпионы атанды. Бірақ денсаулық жағдайы мен жарақаты Генаға үлкен биіктерге жетуге мүмкіндік бермеді», – деп айтқан еді марқұм Дмитриев.
2014 жылы Головкин американдық жаттықтырушы Абель Санчеспен бірге Қарағандыдағы алғашқы залына барды. Кейінірек Дмитриев айтқандай, Санчес залдың жағдайына таң қалды.
«Балалар қандай жағдайда дайындалады? Ауа райы да өте нашар. Күннің суықтығынан жігіттердің аузы буланып жүрді. Біздің команда Генаның алғашқы залын көргісі келді. 10 балдық шкаладан барлығы тек 1 деген балл берген де шығар», – деді Абель Санчес.
Головкин бірінші жаттықтырушысының отбасына қайғыра көңіл айтты.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті ұжымының атынан және өз атымнан болған оқиғаға қайғыра көңіл айтамын. Бұл бүкіл спорт қауымдастығы үшін және оның тәрбиеленушісі мен үшін үлкен қайғы. Виктор Константинович — тек көрнекті жаттықтырушы ғана емес, ол тәлімгер, мұғалім және бізге үлгі болды. Оның спортқа деген адалдығы, кәсібилігі және барлығының көңілін таба білуі біздің жадымызда мәңгі қалады. Ол Қазақстанда бокстың дамуына баға жетпес үлес қосты және талантты спортшылардың тұтас буынын тәрбиеледі. Қайғылы оқиғаға байланысты шын жүректен көңіл айтамын. Ол біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», – деді Головкин.
Еске сала кетейік, Қарағандыда 1-топтағы мүгедекті 10 жыл бойы қайыр сұратқызып, жұмысқа салғандар ұсталғанын жазған болатынбыз.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды