Головкин World Boxing президенті лауазымына кандидат атанды

cover Фото: ҰОК

Президенттік жарысқа екі кандидат қатысуда: біздің Геннадий Головкин және Грекия өкілі Мариолис Харилаос. Қазіргі президент Борис ван дер Ворст екінші мерзімге сайланбайды.

 

«Біздің мақсатымыз: ХОК тарапынан толықтай мойындалуға қол жеткізу және Лос-Анджелес-2028, Брисбен-2032 және одан кейінгі жылдардағы Олимпиада ойындарына бокстың қатысатынын растау» деп жазды Головкин инстаграмында өз кандидатурасын ұсыну туралы шешімге түсініктеме бере отырып. 


 World Boxing - 2023 жылдың сәуірінде құрылған халықаралық бокс федерациясы. 2024 жылдың қыркүйегінде Геннадий Головкин WB жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы болды. Федерация қызметінің негізгі бағыты - Олимпиадалық ойындар бағдарламасында боксты сақтау және ХОК-те World Boxing-ті мойындау үшін Халықаралық Олимпиада комитетімен тығыз ынтымақтастық.

 Геннадий Головкин - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2004), әлем чемпионатының жеңімпазы (2003). Ол қатарынан 23 жеңіске жетіп, орташа салмақ тарихындағы ең жоғары нокаут көрсеткіші үшін Гиннесстің рекордтар кітабына енген.

Еске салсақ, 2025 жылғы бокстан әлем чемпионаты аясында қазақстандық әйгілі боксшы Геннадий Головкин  ұлттық құраманың жанкүйерлерімен Англияда кездесті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар