Франция президенті Макрон Тоқаевты қазақша сөйлеп қарсы алды
Фото: Ақорда
Франция президенті Эммануэль Макрон мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты жылы қарсы алып, қазақ және француз тілдерінде құттықтады. Ол өзінің Х әлеуметтік желісіндегі жазбасында Қазақстан мен Франция арасындағы «берік достық» пен екі ел халқы арасындағы тығыз байланысты ерекше атап өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Сапар аясында Парижде «Қазақстан: Ұлы даланың қазыналары» көрмесі ашылды. Онда Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын бейнелейтін 35 бірегей артефакт ұсынылған.
Ашылу рәсіміне Францияның мәдениет министрі қатысып, мәдени қарым-қатынасты қолдайтынын білдірді.
Президенттер кездесуінде үкіметаралық және коммерциялық құжаттарды қоса алғанда, жалпы құны 2,2 миллиард доллардан асатын 36 келісімге қол қойылды. Маңызды келісімдердің қатарында қажетті ресурстар мен технологиялар саласындағы ынтымақтастық, археологиялық зерттеулер және инфрақұрылымды дамыту жобалары бар.
Кездесуде қол қойылған негізгі құжаттар:
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Франция Республикасы Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісім;
- Қазақстан мен Францияның стратегиялық серіктестігінің маңызды ресурстар мен материалдар бойынша жол картасы;
- «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен Société Generale S. A. арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісім;
- «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ мен Alstom Transport SA компаниясы арасындағы 6 осьті электровоздар бойынша стратегиялық серіктестік туралы келісім;
- Археология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама: Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты мен Ұлттық алдын ала археологиялық зерттеулер институты арасындағы ынтымақтастыққа қол қойылды.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады