Италия Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанды
Италия Англияны жеңіп, Еуропаның чемпионатының жеңімпазы атанды. Негізгі уақыт 1: 1 есебімен аяқталған, қосымша екі таймда да гол соғылған жоқ.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Еуро-2020 финалы 12 шілдеге қараған түні Лондонның «Уэмбли» стадионында өтті. Англия ойынның екінші минутында гол соғып, алға шықты. Итальяндықтардың қақпасына гол соққан – Люк Шоу. Бұл Еуропа чемпионатының финалындағы ең жылдам гол болды.

Кездесудің 67-минутында Италия құрамасының орталық қорғаушысы Леонардо Бонуччи Англия құрамасының қақпасына гол соғып, есепті теңестірді.

Негізгі уақыт аяқталғанға дейін есеп өзгерген жоқ. Қосымша уақытта да ойын есебі өзгермеді. Ойынның тағдыры пенальти сериясында шешілді. Бұл футбол тарихындағы сериясымен аяқталған екінші ойын.
Пенальти сериясында итальяндықтар қарсыластар қақпасына 3 гол соғып, 53 жыл өткеннен соң Еуропа чемпионы атанды.
Жаңалықтар
- Қазақстан мен Гонконг қаржы ұйымдары арасында тікелей көпір қалыптаса бастады
- Шахмұрат Мүтәліп ERG компаниясының 39,3% акциясын сатып алды
- Атырауға келген Қуат Хамит айыппұл арқалап, ол қатысқан жарыста төбелес шықты
- Балқашта кафеде атыс болып, даяшы қыз жараланды
- Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасы бойынша үш қылмыстық іс тергеліп жатыр
- Денсаулық сақтау министрлігі наркологиялық орталықтарды тексереді
- Қарағандыда Lada жүргізушісі 20 жастағы қызды қағып, ол оқиға болған жерде қаза тапты
- Астана қалалық ауруханасында медбикеден туберкулёз анықталды
- Германияның солтүстігінде алғаш рет өлімге әкелетін борна вирусы тіркелді
- Вашингтондағы Ақ үй маңында атыс болды
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік соңғы кезеңге жетіп қалды
- Жамбыл облысындағы шопан 42 жасында алғаш рет жеке куәлік алды
- Тоқаев Қытайдағы шахтадағы қайғылы оқиғаға қатысты Си Цзиньпинге көңіл айтты
- Әлеуметтік желідегі қандай пікірлер үшін нақты жаза тағайындалуы мүмкін?
- АҚШ грин-карта алу ережелерін қатаңдатты, өтініш беру үшін шетелдіктер елден шығуы тиіс
- Лионель Месси долларлық миллиардер атанды
- Зеленский: Украина Еуроодақтың «қауымдастырылған мүшесі» болмайды
- Алматыдағы Моттың концертіндегі шу: Бишілер рэпермен сахнаға шықпай қойды
- Әзербайжан туын жерден көтеріп орнына қойған оқушы екі елдің сүйіспеншілігіне бөленді
- Астанада екі пәтерді жалға алып есірткі дайындаған адам ұсталды