Енді атыраулықтар Ташкентке тікелей ұша алады
Фото: Pixabay
Өзбекстандық әуекомпания Uzbek Airways 29 наурыздан бастап Ташкент – Атырау арасында әуеқатынасын ашады, деп хабарлайды Orda.kz.
Көлік министрлігі мәліметінше, Airbus A320 ұшағымен екі қала арасындағы ұшақ аптасына 2 рет (дүйсенбі және жұма) ұшады. Министрлік жаңа әуе қатынасының ашылуының алдында Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билігі арасында 2025 жылғы 14 тамызда өткен келіссөздер болғанын атап өтті. Келіссөздер аясында екі ел арасындағы халықаралық рейстерді орындау үшін құқықтық базаны одан әрі кеңейту туралы уағдаласты.
«Келіссөздер барысында екі ел арасындағы халықаралық рейстерді орындау үшін құқықтық базаны одан әрі кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді», деп хабарлады министрлік.
Оқи отырыңыз:
- Соғыс басталғалы бері Ормуз бұғазынан алғашқы Ирак танкері өтті
- Полиция Шахтинск қаласындағы өртке кінәліні ұстады
- Трамп Иранмен уақытша бітімге келді: Соғыс 5 күнге тоқтады
Жаңалықтар
- Ақмола облысының тас жолында фура жол жиегінде тұрған көлікке соқтығысты
- Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына кінәлі 10 жылға сотталуы мүмкін
- Енді атыраулықтар Ташкентке тікелей ұша алады
- Соғыс басталғалы бері Ормуз бұғазынан алғашқы Ирак танкері өтті
- Өскеменде полиция қызметкерін атып кеткен күдіктілер ұсталды
- Тағы бір танымал блогерге халықаралық іздеу жарияланды
- Полиция Шахтинск қаласындағы өртке кінәліні ұстады
- Зеленский Ресей жаппай қауіпті соққы жасауы мүмкін екенін мәлімдеді
- Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды
- Трамп Иранмен уақытша бітімге келді: Соғыс 5 күнге тоқтады
- Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың бейтарап елдерді шарпып жатқанына қарсымыз: Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісімен кездесті
- Атырауда мереке кезінде 80-ге жуық бала ата-анасынан көз жазып қалды
- Алдағы күндері оңтүстік өңірлер 28 градусқа дейін жылынады
- Тоқаев «Тазару күніне» орай қазақстандықтарға үндеу жасады
- Нью-Йорк әуежайында ұшақ өрт сөндіру көлігіне соғылды: Зардап шеккендер бар
- Алматыда алып ағаш көшенің қақ ортасына құлап түсті
- Трамп Израильге барып, беделді марапат алуды қарастырып отыр
- Шахтинскіде газ жарылды: Сегіз адам зардап шекті
- Қар жеп жан баққан: Абай облысында 5 күн бұрын жоғалған малшы табылды
- Қазақстан мен Иран президенттері бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады