Елордалық әйел азаматтарды миллиондарға тақырға отырғызды

cover Фото: freepik.com

Елорда тұрғыны азаматтарды миллиондаған ақшаға алдады, деп хабарлайды Orda.kz.

ІІМ-нің мәліметінше, 30 жастағы астаналық азаматша инстаграм әлеуметтік желісінде азаматтарды қаржылық схемаларға қатысу арқылы ақшаларын екі есеге арттыруға уәде берген. Қызметі үшін ол алдын-ала төлем алып, кейін хабарсыз кеткен.

Осылайша елорданың 44 жастағы тұрғыны алаяққа сеніп, 6 миллион теңге көлемінде ақшасын берген, содан кейін күдікті байланысқа шығуды тоқтатқан. Полиция бұл алаяқтың осыған ұқсас 17 жағдайға қатысы барын анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды және оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы анықталып жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар