Елордада 16 мың жеке тұлғаның өсімпұлдары кешірілді

cover

«Бүгінгі күні, рақымшылық жасау басталғалы бері, Нұр-Сұлтанда 1,1 миллиард теңге көлеміндегі салыққа 447 миллион пайыздық үстемақы тіркелген. Қазір оның 49 миллион теңгеге 16 мың салық төлеушінің қарызы кешірілген», - дейді Ерлан Бакиров.  

Департамент басшысының айтуынша, негізгі төлем толық төленнен кейін үстемақы кешіріледі. Атап айтқанда, рақымшылық жергілікті мүлік салығы – жер салығы, мүлік салығы, көлік салығына қатысты.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы бұйрығына сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін есептелген 2019 жылғы салықты (жер мен мүлік) қоспағанда, 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қарыз бойынша өсімпұлдар есептен шығарылады», - деді Бакиров.

Сонымен қатар, өсімпұлды есептен шығару 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін жүргізіледі. Рақымшылық мерзімі аяқталғаннан кейін салық қарыздары бар адамдарға өндіріп алу шаралары қолданылатын болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар