Елорда тұрғыны екі айлық қызының басын жарды

cover Фото: Pixabay

Елорда тұрғыны екі айлық қызының басын жарды. Бала ауыр жарақат алған, оның басына қан құйылған. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынды.

Ер адам үйінде мас күйінде төбелес шығарып, әйелі мен алты жасар ұлын соққыға жыққан. Ол екі айлық қызын еденге лақтырып жіберген. Қыз ауыр жарақат алған, дейді қоғам белсендісі Дина Смаилова.

«Бала жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер бас сүйегінің сынуы, миына қан құйылу, бауыр жеткіліксіздігі деген диагноз қойды» деп жазды Смаилова өз парақшасында.

Полицейлер ер адамды отбасы мүшелерін ұрып-соғып, баланың денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін ұсталғанын айтты. Ол «сот шешімін орындамағаны үшін» қамауға алынды. «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар