Елорда әкімі газға көшу барысы туралы айтты

cover

Елорда әкімдігінің ресми сайтының жариялауынша Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов өз instagram парақшасында:

«Елді мекендерде жұмыстар біркелкі жүргізіліп жатыр. Қаланың шеткі аймақтарында жолдар салынып, кәріз, электр, сумен жабдықтау желілері тартылып, полиорталық қарай ыңғайланып жасалуда. Тұрғындарға қолайлы әрі жайлы орталардың қалыптасуы арқылы елді мекендердің өзіндік стилі айқындалып келеді. Мысалы, Көктал елді мекенінде ұзындығы 16 гектарға жуық жаңа саябақ, Өндіріс елді мекенінде тынымбақ, сонымен бірге елді мекендерде төрт бірдей үлкен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жеке сектор тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру мақсатында газ тарату желілерін жүргіземіз.

Железнодорожный елді мекенінде орналасқан үйлер қараша айының басында газға қосыла бастады. Үйіне газ қосқысы келетін адамдар санының артқанын байқадық. Бұл бізді қуантады. Өйткені газға көшірудің көптеген артықшылығы бар. Нәтижесінде қоршаған ортаға зиянды заттардың таралуы азайып, экология жақсарады. Сонымен бірге енді тұрғындарға көмірді сатып алу, оны сақтау, сапасы туралы ойланудың, күніне бірнеше рет үйді жылытудың қажеті жоқ.

Жергілікті азаматтармен елді мекенді дамыту мәселелерімен қатар 2021 жылдың жоспарын талқыладық.

700-ден астам тұрғын техникалық шарттарды алса, 3,5 мыңнан астам тұрғынға фронт-офистерде кеңес берілді. Бір текше метр газдың бағасы 45 теңгеден 34,6 теңгеге дейін төмендеді.

Газбен қамту – Елбасының стратегиялық жобасы. Тұңғыш Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы аясында салынған «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры Орталық Қазақстан мен елорданы еліміздің бірыңғай газ тасымалдау желісімен байланыстырады.

Сонымен қатар осы айда ЖЭО-1 және ЖЭО-2 су жылыту қазандықтарының бір бөлігі газға ауыстырылды», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар