Еліміздегі скрининг бағдарламаларының саны артты
Фото: medpharm.kz
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі жоспарлы госпитализация алдында көрсетілетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді оңтайландырып, скрининг бағдарламаларын жаңартты, деп хабарлайды Orda.kz.
Енді скринингке тек тиімділігі ғылыми тұрғыда дәлелденген зерттеулер ғана енгізілді. Атап айтқанда, төмен тығыздықты липопротеидтер (ЛПНП), триглицеридтер және гликирленген гемоглобин көрсеткіштері қарастырылады.
Негізсіз дәрігерлік консультациялар алынып тасталды: көрсеткіштері қалыпты болған жағдайда тексеруді медбике жасай алады.
Скринингке қатысушылардың жас шегі 76 жасқа дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар, 50 жастан асқан ер адамдар МӘМС аясында әр екі жыл сайын брахиоцефалдық тамырларға ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) тапсыра алады.
Ведомство мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйектен бастап онкологиялық скринингтің барлық кезеңдері ТМККК (ГОБМП) шеңберінде қолжетімді болады. Сондай-ақ скринингтік зерттеулер тізіміне инсультті ерте анықтауға және В және С созылмалы вирустық гепатиттерін анықтауға арналған тексерулер енгізілді.
2026 жылы оңалту және паллиативтік көмек көрсету бағыттары бойынша маршруттарды қайта қарау жоспарланып отыр.
Айта кетейік, жақында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысында көптеген заңбұзушылық анықталды. Олардың қатарында жалған пациенттерді тіркеу, ер адамдардың әйелдерге арналған скринингтерден «өтуі», балаларға бір күнде мыңнан астам дәрі-дәрмек жазу, тіпті қайтыс болған адамдарға медициналық қызмет көрсету фактілері болған.
Осындай тиімсіз жұмыс істеген әлеуметтік медициналық сақтандыру енді қаржы министрлігінің қарауына берілді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады