Елімізде пойыз қозғалысын реттеуде Starlink спутник жүйесі қолданылады

cover Фото: ҚТЖ

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Шәкенов Үкімет отырысында саладағы инновациялар туралы айтты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Оның сөзінше, «Қарағайлы – Көкпекті» учаскесінде «АЙМАК RAIL» цифрлық жүйесі енгізілген.

2025 жылдың желтоқсанынан бастап ұзындығы 247 км болатын учаскеде Starlink арқылы жобаны кеңейту басталды. Бұл пойыз өткізу қабілетін алдымен тәулігіне 4 жұпқа, кейін 7 жұпқа дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жүк тасымалы көлемі сәйкесінше жылына 3 млн тоннадан 5 млн тоннаға дейін өседі.

Пойыздарды сынақтан өткізу сәуірге жоспарланған. Сонымен қатар, жаңа жоба ретінде дизельді қозғалтқыш пен аккумуляторлы жүйесі бар гибридті маневрлік локомотивтер енгізілуде. Олар отынды үнемдеп, пайдалану шығындарын 20%-ға азайтады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар