Елімізде бокстан әлем чемпионаты өтеді

cover Фото: freepik.com

2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Orda.kz

World Boxing ұйымы 2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионатын өткізу туралы ресми түрде жариялады. Турнир 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында ұйымдастырылады.

«2027 жылы Олимпиада алдында өтетін бокстан әлем чемпионатын өткізу – Қазақстан үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Біздің ел ірі халықаралық спорттық жарыстарды жоғары деңгейде өткізуде мол тәжірибеге ие және бұл турнир де сол дәстүрден тыс қалмайтынына сенімдімін», – деді Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті, World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар