Елімізде биыл тағы да шегірткемен күрес басталды

cover

Қазақстанда шегірткеге қарсы жоспарланған аумақтың жартысынан астамы өңделді, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

«Биыл химиялық өңдеу жұмыстары 2,1 миллион гектар аумақта жүргізіледі деп жоспарланған. Қазіргі таңда 1,2 миллион гектар жер өңделді. Іс-шараға 443 арнайы бүріккіш техника қатыстырылды» деп жазылған таралған хабарламада. 

Министрлік мәліметінше, өңдеу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр.

«Түркістан облысы қорғаныс шараларын толық аяқтады: 371,79 мың гектар, Ақтөбе облысында – 227,17 мың гектар, Қостанайда – 221,05 мың гектар, Жетісу облысында – 50,57 мың гектар, Жамбылда – 70,92 мың гектар, Батыс Қазақстанда – 118,49 мың гектар, Қызылордада – 46,09 мың гектар жер өңделді. Қалған өңірлерде осындай жұмыстар жалғасуда»,  деп нақтылады Ауыл шаруашылығы министрлігі. 

Жақында ауыл шаруашылығы министрлігі журналист, сарапшы, «Қазақша чуваш» Telegram-арнасының авторы Кирилл Павловқа қарсы әкімшілік  талап-арыз түсірді. Ол 2024 жылғы шілде айындағы есептері бойынша, шегірткеге қарсы 96 мың гектар жер тазартылғанына күмән келтірді.

Былтыр тіпті шегірткенің қаптауына қарсы күрес жөніндегі  орталық жедел штабтың отырысы өтіп, министрлер кабинеті арнайы хабарлама таратты.

2024 жылы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин шегірткені халал жәндік деп айтып, бұл біраз әңгімеге арқау болған еді.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар