Елден қашып кетпек: Мәдениет басқармасының экс-басшысы сотталып жатыр
Фото: @bolatmazhagulov
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловтың ісі қаралып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Оған аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды. Әңгіме елордада танымал «Күн» атты субұрқағын салуға бөлінген 1 миллиард теңгеден астам қаражат туралы болып отыр.
Сотта Мажағұловпен бірге құрылыс компаниясының директоры, кәсіпкер Мәди Қанапин де жауап беріп жатыр. Қанапинге қылмысқа көмектесті деген айып тағылған. Алайда ол қамауға алынбай, елден кетпеу туралы қолхатпен босатылған.
Болат Мажағұлов та бостандыққа шығуға тырысып, сот процесі барысында үйқамаққа алуды сұрады. Алайда сот оның Қазақстаннан қашып кетуі мүмкін екенін алға тартып, өтінішін қанағаттандырмады.
«Айыпталушы Болат Мажағұлов пен оның адвокаты Бейсекев қорғаушының өтінішін қолдап, бұлтартпау шарасын елден кетпеу туралы қолхат немесе үйқамаққа өзгертуді сұрады. Алайда прокурор бұл өтінішті қанағаттандырмауды сұрады. Себебі Б.Б.Мажағұловқа ауыр айып тағылған, ал оның серіктесі М.С.Қанапинге қылмысқа көмектесу айыбы тағылған. Сондай-ақ, тергеу барысында Б.Б.Мажағұлов жасырынып қалуға тырысқан, беттестіруге келмеген, шетелге ұшатын билеттері болған» деп жазылған сот материалдарында.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың қыркүйегінде ҚМА 2016 жылы Есіл өзенінде салынған «Күн» субұрқағы құрылысы кезінде 1 миллиард теңгеден астам қаражат жымқырылғанын анықтаған болатын. Субұрқақ құрылысына жауапты болған сол кездегі Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов қамауға алынды.
Тергеу барысында құрылыс жұмыстарының мемлекеттік сатып алусыз келісілгені анықталды. Бұдан бөлек, субұрқақ жоба-сметалық құжаттамасыз және мемлекеттік сараптамадан өтпеген күйі салынған. Құрылыс барысында техникалық талаптарға сай келмейтін сапасыз материалдар пайдаланылған.
Шенеунік ұсталған кезде тергеушілер оның дәулетті екенін анықтады. Сот оның 572 миллион теңге болатын мүлкіне бұғат салды. Аталған мүліктердің арасында үш коммерциялық нысан, екі автотұрақ орны және Астана қаласындағы премиум санаттағы пәтерлер бар.
Айта кетейік, «Күн» субұрқағы 2016 жылы Астана күніне орай салынған болатын. Алайда бір жылдан кейін субұрқақ істен шықты. Уақыт өте ол тот басып, апатты жағдайға жетті. 2024 жылы елорданың билік органдары оны бұзу туралы шешім қабылдады.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады