Екпе алғандар арасындағы пәтер ұтысының мерзімі ұзартылды

cover

Елорда тұрғындарының өтініштерін ескере отырып, вакциналанғандар арасында екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойынының мерзімі ұзартылды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Осылайша, 25 маусымнан 28 қыркүйекке дейін (28 қыркүйекті қоса алғанда, бұрын 31 тамызға дейін) Астанада вакцина алғандар үшін екі бөлмелі пәтерді ұтып алу мүмкіндігі бар. Ұтыс ойынына 25 маусым мен 28 қыркүйек аралығында вакцинаның 1-ші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатыса алады.

Бұл ұтыс ойынына вакцина салынған барлық пункттер қатыстырылады. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде іске асады. Азаматтар құжаттарды толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны тікелей эфирде өтеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар