«Екінші мәрте»: Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды
Фото: AP
Оңтүстік Кореяның Сеул орталық аудандық соты бұрынғы президент Юн Сок Ёльді тұтқындауға екінші мәрте санкция берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл шешім арнайы прокурор Чо Юн Соктың өтінішінен кейін қабылданды. Сот экс-президентті арнайы мекемеге жеткізуге бұйрық берген. Алайда, Юн Сок Ёль денсаулығына байланысты сот отырысына қатысудан бас тартқан. Ол сырттай өтініш жолдап, сот отырысына қатыспай-ақ қарауды сұраған. Судья бұл өтінішті қабыл алып, сотты экс-президентсіз өткізіп, куәгерлерден жауап алды.
Айта кетейік, 2024 жылдың 3 желтоқсанында Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізген болатын. Осыдан кейін парламент оны билікті басып алуға әрекет жасады деп айыптап, оған импичмент жариялады. Қаңтар айында экс-президент қамауға алынған, ал сәуірде қызметінен біржола шеттетілді.
Бір ай бұрын елде президенттік сайлау өтіп, билікке 61 жастағы Ли Чжэ Мён бастаған «Тобуро» демократиялық партиясы келді.
Жаңалықтар
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді
- Түркістан тұрғыны: «Мені 37 күнге психиатриялық ауруханаға заңсыз қамады»
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды
- «Балаларымды көрмегеніме бір ай болды». Шымкенттік келіншек кәсіпкерден балаларын ала алмай жүр
- Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев әлемдік миллиардерлер тізіміне енді
- Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан айырылды