Екібастұздағы жылу электр орталығында тағы да апат болды
Сурет: @ete_ekb Instagram парақшасынан
Екібастұздағы жылу электр орталығында кезекті апат болды. Мәліметтер бойынша, түнде күл құбырында зақым болған, деп хабарлайды Orda.kz.
«2023 жылғы 10 желтоқсанда сағат 01:10-да «Екібастұз» ЖЭО-да күл құбырының зақымданғаны анықталды. Құбыр сағат 05:30-да жөнделді. Бүліну салдарынан екінші ыстық су қазандығы цехының су сорғы станциясын су басқан. Ыстық резервте тұрған екі энергетикалық қазандық іске қосылды» деп хабарланды EKIBASTUZTEPLOENERGO Instagram парақшасында.
Серіктестік өкілдерінің айтуынша, қазір сорғы стансасынан су тартылып жатыр.
Жеңіл сорғы станциясын ауыстыру және кейіннен іске қосу үшін резервтік қозғалтқыш та дайындалды.
«Қазіргі таңда станцияда жеті қазандық жұмыс істейді (№ 5, 6, 7, 9, 11, 13, 14), оның ішінде су жылыту цехындағы үш қазандық уақытша мазутпен жұмыс істейді. Жеткізу температурасы 70 градус, гидравликалық қысым бекітілген режимде қамтамасыз етілген: жеткізу 9 кг және қайтаруда 1,5 кг» деп хабарлады «ЕКІБАСТҰЗЖЫЛУЭНЕРГО».
Олар су басқан сорғы станциясын алдағы сағаттарда қайта іске қосуға уәде беріп отыр.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады