Ең төменгі күнкөріс деңгейі ең төменгі жалақыдан асып кеткен
Жыл басынан бері ең төменгі күнкөріс деңгейі 17 пайызға өсіп, инфляция 4,6 пайыз болған.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы (19 тауар) орта есеппен 0,1%-ға өскен.
Ал жыл басынан бері:
- әлеуметтік маңызы бар тауардың бағасы 9,6 пайызға;
- азық-түлік тауарларының бағасы 1,7 пайызға;
- азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 0,8 пайызға;
- ақылы қызметтер бағасы 0,7 пайызға қымбаттаған.
Inbusiness басылымының ұсынған ақпаратына сүйенсек:
- Жыл басынан бері ұлттық маркадағы нанның бағасы 3,5% -ға, ал ол пісірілген ұн үшін - 3%-ға өсті.
- Жыл басынан бері картоп 75,3% қымбаттады. Бір келі каропты шамамен 300-400 теңгенің төңірегінде сатып алуға болады.
- Сондай-ақ, жыл басынан бері сәбіздің бағасы көкке жеткендігін көруге болады. Келісі 490-550 теңгеден сатылып жатыр.
- Дәл осындай қымбатшылықты қызылша бағасынан да көруге болады. Келісі 600 теңге.
- Елде күнбағыс майы бір жыл ішінде 1,5 есеге қымбаттады. Тек алты айда бағаның өсуі 21%-ды құрады. Өңірлерде күнбағыс майын литрі 608-ден 830 теңгеге дейін сатып алуға болады.
- Елде қанттың келісі 300 теңге аралығында сатылады.
Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің өскенін көріп тұрмыз, ал жалақы қаз қалпында тұр. Ең төменгі жалақы деңгейі 42 500 теңге.
Жалпы ел бойынша бір айдың ішінде ең төменгі күнкөріс деңгейі 9,2% және бір жыл ішінде 17,5% өсті.
42 500 теңгеге халық азық-түлік алмақ түгілі басқасына да жеткізе ала ма деген сұрақ туындайды.
[democracy id="4"]Жаңалықтар
- Қазақстан мен Гонконг қаржы ұйымдары арасында тікелей көпір қалыптаса бастады
- Шахмұрат Мүтәліп ERG компаниясының 39,3% акциясын сатып алды
- Атырауға келген Қуат Хамит айыппұл арқалап, ол қатысқан жарыста төбелес шықты
- Балқашта кафеде атыс болып, даяшы қыз жараланды
- Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасы бойынша үш қылмыстық іс тергеліп жатыр
- Денсаулық сақтау министрлігі наркологиялық орталықтарды тексереді
- Қарағандыда Lada жүргізушісі 20 жастағы қызды қағып, ол оқиға болған жерде қаза тапты
- Астана қалалық ауруханасында медбикеден туберкулёз анықталды
- Германияның солтүстігінде алғаш рет өлімге әкелетін борна вирусы тіркелді
- Вашингтондағы Ақ үй маңында атыс болды
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік соңғы кезеңге жетіп қалды
- Жамбыл облысындағы шопан 42 жасында алғаш рет жеке куәлік алды
- Тоқаев Қытайдағы шахтадағы қайғылы оқиғаға қатысты Си Цзиньпинге көңіл айтты
- Әлеуметтік желідегі қандай пікірлер үшін нақты жаза тағайындалуы мүмкін?
- АҚШ грин-карта алу ережелерін қатаңдатты, өтініш беру үшін шетелдіктер елден шығуы тиіс
- Лионель Месси долларлық миллиардер атанды
- Зеленский: Украина Еуроодақтың «қауымдастырылған мүшесі» болмайды
- Алматыдағы Моттың концертіндегі шу: Бишілер рэпермен сахнаға шықпай қойды
- Әзербайжан туын жерден көтеріп орнына қойған оқушы екі елдің сүйіспеншілігіне бөленді
- Астанада екі пәтерді жалға алып есірткі дайындаған адам ұсталды