Доллар неге күрт арзандап кетті?
Фото: Pixabay
Қазіргі кезде доллар бағасы күрт арзандады. Осыдан небәрі 2 ай бұрын доллардың құны 520 теңге болса, бүгінде 491 теңге. Неліктен АҚШ валютасы күрт түсіп кетті? Orda.kz қаржы сарапшысы Айбар Олжайға хабарласып, валютаның динамикасы бойынша ақпарат алды.
Сарапшының айтуынша, ірі компаниялар, жер қойнауын игерушілер мен экспортерлар салық төлегенде түсімді доллардан теңге айырбастағанда, Қазақстан қорына көп ақша түсіп, теңге күшейіп доллардың курсы әлсірейді.
«Бұл ішкі фактор, оған сыртқы фактор да сәйкес келеді. Қазір алтынның бағасы тиісінше өсті. Ал АҚШ-та федералды резерв жүйесінің басшысы ауысады деген сыбыстар бар. Соның негізінде долларлық активтерді инвесторлар ақырындап сатып жатыр. Себебі, болашақта басшы болуы тиіс тұлға экономиканы жандандыру үшін ФРЖ-ның пайыздық жүйесін төмен түсіруге мүдделі екендігін білдірген болатын», — деді Айбар Олжай.
Қаржы сарапшысы әзірге осы себептен долларға деген қызығушылық төмендеп, теңге құны артып жатқанын түсіндірді. Өйткені қазір салық апталығы жүріп жатыр.
«Алтын өзімен өзі өсіп жатыр. Осының барлығы қалыптаса келе, біздің биржада да өзінің заңдылығын орнатты. Алтынның өсуі - валютада алтын валюта қорымызды арттырады. Ол өте жақсы дүние. Біздің бюждетке доллардың 540 теңге болғаны жақсы еді. Себебі біз алатын түсімді теңгеге айырбастап, бюджет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындау керек. Ұлттық қордың долларын алып теңгеге айырбастап, зейнетақы төлеу керек. Сол кезде баға тым төмен болса, біз өзіміздің қорымыздан трансферт табуға мәжбүр боламыз», — деді сарапшы.
Айбар Олжай бұл құбылыс ұзаққа созылмайтынын, салық аптасы біткеннен кейін доллар бағасы тұрақталады деп ойлайтынын айтты.
Оқи отырыңыздар:
- Тоқаев: Бюджет қаражатын игере алмай отырсыздар
- Тоқаев Ұлттық банк пен Қаржы мониторингі агенттігін қатты сынға алды
- Қаржы министрлігі: Жасанды зерде тендердегі ұрлыққа жол бермейді
Жаңалықтар
- Садыр Жапаров Конституциялық сотқа жүгінді
- Дәрігер ауруханада 13 жастағы қызға азғындық жасаған: Істің жай-жапсары
- Бүгін Астана оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
- Доллар неге күрт арзандап кетті?
- Тарихи жеңіс: Қазақстандық арнайы жасақтар Дубайда өткен турнирде алтын және күміс жүлдеге ие болды
- Қазақстанда Референдум 15 наурызда өтеді
- Қылмыстық іс қозғалды: Шымкентте көшенің қақ ортасында бір топ жас жігіт жаға жыртысты
- Анапада техникумында студент атыс ашып, күзетші көз жұмды
- Рамазан-2026: Пітір садақа мөлшері белгілі болды
- Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасы таныстырылды
- Жаңа Конституция жобасы референдумға шығаруға дайын
- Сара Алпысқызы ем алуды Алматыда үй жағдайында жалғастырады
- Нұрлан Сабуров сотталуы мүмкін бе?: Заңгер пікірі
- Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы президент сынынан кейін Бектенов үкіметке бірқатар тапсырма берді
- Газбен жүретін көліктерге қатысты тағы бір тыйым ұсынылды
- Ораза кестесі 2026: қай уақытта ауыз бекітіп, қай уақытта ауыз ашамыз?
- Алматыда бірнеше күдікті адам ұрлап бара жатқан жерінде ұсталды
- Газбен жүретін көліктер мен газ құю бекеттеріне жаңа шектеу енгізіледі
- Қожамұратова ісі: сотта 49 жәбірленушінің жауабы оқылып, 56 том құжат жарияланды
- Литва Ресей мен Беларуське жиі баратын ресейліктерді ықтиярхатынан айырып жатыр