Депутат Арон Атабектің босатылуына қатысты пікір білідірді

cover

Мәжіліс депутаттары саяси тұтқын ақын Арон Атабекке үкімді жеңілдету туралы жаңалыққа үн қосты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Бұған дейін Арон Атабекке рақымшылық жасау мәселесін көтерген мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов Оrda.kz журналисіне қоңырау шалып, ақынның азат етілуімен құттықтады.

— Өмірінің ең жақсы жылдарын түрмеде өткізген, 15 жыл жазасын өтеген қарт адамға кешірім жасағаны дұрыс болды. Әр қазақ менің жалғызым, - деді депутат.

Депутат Берік Әбдіғалиұлы бұл жаңалыққа эмоционалды түрде «Әйтеуір, бұл күнге де жеттік-ау!» деп пікір білідірді.

- Енді оның тезірек сауығып кетуін тілейміз! - деді Әбдіғалиұлы.

Жоғарғы соттың шешімі бойынша, Атабек бүгін ауруына байланысты босатылуы керек.

Бұған дейін қазақстандықтар президент әкімшілігіне «Шаңырақ оқиғалары» қатысушысын кешіру туралы өтініш жолдаған болатын

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов Арон Атабекке, сондай-ақ басқа да саяси тұтқындарға рақымшылық жасау мүмкіндігі туралы айтты. Бұған дейін темір тордың ар жағында 15 жылын өткізіп, 70 жасқа келген саяси тұтқын ақынға ұлттық алдын алу тетігінің мүшелері барып, оның денсаулығының нашар екендігін жеткізген..

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар