Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын қатайту керек
Бейнежазбадан скриншот
Алматыдағы бүгінде камераларға шамадан тыс сенім артылып кеткен, алайда олардың әсері көбіне қарапайым азаматтарға ғана тиіп отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Мұрат Әбеновтің айтуынша айыппұл көлемі қарапайым халық үшін едәуір салмақ салғанымен, ауқатты азаматтарға бұл шараның ықпалы шамалы.
«Бай адамдарға айыппұл еш әсер етпейді. Айына миллион теңгеден төлейтіндерді көрдім. Көліктері 100-200 мың доллар тұрады. Олар «менде проездной» деп айтып, 1-2 млн айыппұл төлейді де, кете береді», —деді Әбенов.
Сонымен қатар, заңнамадағы тағы бір өзекті мәселе ретінде стрит-рейсинг аталды. Бұл құбылыс шетелде әлдеқашан ұйымдасқан құқықбұзушылық ретінде танылған. Ұсынысқа сәйкес, қала ішінде көше жарысын ұйымдастырып немесе шектен тыс жылдамдықпен жүрген жүргізушілерге мас болып көлік басқарғандармен бірдей қатаң жаза қолдану қажет.
«Шетелде бұл бұрыннан бері бар, қала ішінде ұйымдастырылып келе жатқан қылмыс. Енді менің ұсынысым осындай адамдарды арақ ішкен адамдармен бірдей санап, жүргізуші куәлігінен айыруымыз керек. Қала ішінде жылдамдық 60 болса, ал жүргізуші 120-мен жүрсе, оны 7 жылға куәлігінен айыру керек және оны 15 тәулікке қамауымыз керек. Екінші рет қайталанса, өмір бойына жүргізу куәлігінен айыру керек және 50 тәулікке қамауымыз керек», —деді Әбенов.
Бұл бастама жолдағы жауапкершілікті арттырып, көше жарыстары мен қауіпті жүргізу әрекеттерінің алдын алуға бағытталған.
«Қылмыстық кодексте де 345-баппен жауапқа тартамыз. Қазір үш адамды өлтірсе, 10 жылға соттап жатырмыз. Бір адам қайтыс болса, 7 жылдан 10 жылға дейін. Егер екі адам қайтыс болса, 10 жылдан 15 жылға дейін. Бұл Германияда қасақана жасалған қылмыс деп саналады екен. Бұл елде екі адам бала қаққан, ол өмір бойына қамауға алынған. Біз де осындай заңға өзгеріс енгізуіміз керек. Сессия біткенше үлгерсек, ІІМ-де, Бас прокуратура да бұл ұсынысымызды қолдайды», — деді Әбенов
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты
- Батыс медиасы АҚШ құрлық операциясын бастайтынын жазып жатыр. Трамп неге соққыны кейінге қалдырды?
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын қатайту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес
- Ормуз бұғазын ашуды талқылау үшін 30 ел бірікті
- ФИФА футболдағы жаңа ережелерді жариялады
- АҚШ пен Израиль соғыстың алғашқы 16 күнінде оқ-дәріге 26 миллиард доллар жұмсаған
- ЮНИСЕФ басшысы: Қазақстанда балалар денсаулығы жақсы қорғалған
- Алматының әл-Фараби даңғылындағы адам өлімі: полиция тексеріліп жатыр
- Алматыдағы бес көлік жарысып, үш адам қаза болған шулы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Талғардағы атышулы іс бойынша учаскелік инспекторға үкім шықты
- Алматыда жүк көлігін жалған құжатпен тіркеген арнайы ХҚКО қызметкерлері сотталды
- Ормуз бұғазын жапқан ирандық қолбасшы Әлиреза Тангсири қаза тапты