Дәрігерлер Қайыңды жолында болған ірі апаттан зардап шеккендердің жағдайын айтты
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері 5 қазан күні Алматы облысында Қайыңды көліне барар жолда болған жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы хабарлады. Сол жерде туристер мінген екі автобус бетпе-бет соқтығысқан, деп хабарлайды КТК.
Жол апатынан зардап шеккен төрт адамға ота жасалды. Тағы екеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
«Бас жарақатымен бір науқас жан-жақты емдеуге жатқызылды. Екі науқасқа ерекше назар аудару қажет: біреуі сол жақ жіліншіктің бірнеше жабық сынықтарымен, екіншісі оң аяғының субтрохантериялық сынықтарымен түсті. Олар жансақтау бөлімінде, ота жасауға дайындалуда. Барлық науқастардың жағдайы тұрақты» деп хабарлады облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметі.
Бұған дейін ірі жол апатынан 36 жастағы жолаушы қаза тауып, тағы алтауы ауруханаға жеткізілгені хабарланған болатын. Жарақат алғандардың арасында 20 әйел мен 14 ер адам бар.
Алматы облысы ІІД басшысы Бауыржан Әленовтың айтуынша, 47 жастағы автобус жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, 26 жастағы жүргізуші басқарған УАЗ көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Кеген аудандық полиция бөліміне тіркелді.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады