Дариға Назарбаева жеке ұшақпен емес кәдімгі рейспен жүр ме?

cover Фото: Әлішер Елікбаев

Танымал PR-маман Әлішер Елікбаев Астанадан Алматыға ұшқан рейс кезінде болған күтпеген кездесуі туралы айтты. Блогер Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваны қарапайым жолаушылар рейсінде көремін деп мүлде ойламағанын мойындады, деп хабарлайды  Orda.kz.      

«Мен оны тұрақты рейстермен ұшпайды деп ойлайтынмын. Ұшақ көтеріле салысымен ұйықтап кеттім де, қонуға жақын ояндым. Сөйтсем, жанымдағы орында Дариға Нұрсұлтанқызы ұшып бара жатыр екен» деп жазды Елікбаев. 

Дегенмен, бұрынғы президенттің тұңғыш қызы күзетсіз болған жоқ. Блогер ілесіп жүрген адамның ірі дене бітімін де ерекше атап өтті:

«Оның оққағарының бойы менімен теңеседі, бірақ денесі мығым» деп жазды ол. 

Еске салсақ, былтыр Алматыдағы заманауи мәдениет орталығы – «Целинныйдың» ашылуына экс-президент  Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш қызы Дариға Назарбаева қатысқан болатын.

 

Ол бұл шараға өзінің бұрынғы құдасы, бизнесмен Қайрат Боранбаевты жеке құттықтау үшін келген. Өйткені бұл орталық жобасы оның есімімен бұрыннан байланысты.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар