ЦРУ басшысы Абдул Барадармен құпия кездесу өткізген – БАҚ

cover Фото:©REUTERS

АҚШ Орталық барлау агенттігінің (ЦРУ) директоры Талибан қозғалысының жетекшісімен құпия кездесу өткізген.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Reuters агенттігіне берген сұхбатында президент Джо Байден ЦРУ басшысы Уильям Бернсті 23 тамызда Кабулда Талибан басшысы Абдул Ғани Барадармен кездесуге жібергені айтылды.

Бернс пен Барадар 31 тамызда Ауғанстаннан американдық әскерді шығару мерзімін талқылады. ЦРУ бастығы сейсенбіде Конгрестің сайланған мүшелерімен және барлау комитеттерінің мүшелерімен кездесуін талқылайтын болды.

ЦРУ басшысы мен молда Барадардың кездесуі туралы ақпарат расталса, бұл АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды қызметкері мен «Талибан» қозғалысының жетекшісі арасындағы алғашқы диалог болады.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті Джо Байден 31 тамызды Ауғанстанда жүрген американдық әскерлерді толық шығарудың соңғы мерзімі етіп белгіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар