Цемент түрінде пара алған полицей 4 млн айыппұл төлейді

cover

Жол полициясының аға инспекторы Мейірлан Ақнұровқа үй салу үшін цемент қажет болып, оны мердігер ұйым өкілдерінен алған. 28 қыркүйекте Шыңғырау аудандық сотында аталған іс бойынша үкім шығарылды.

Бұл туралы Orda.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Сот үкімінде оның техниканы қасақана тоқтатып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасағандығы, осылайша мердігерлерді одан көмек сұрауға итермелегені туралы айтылды.

Сонымен қатар, Ақнұров жүргізушіні жарты тәулік ұстап, құрылыс алаңындағы жұмысты тоқтатып қойған.  

Ақнұров мердігерден әр алтыншы рейсті материалдарымен оның құрылыс алаңына әкелуді талап етті. Келесі күні полицейге құны алты мың теңге болатын 20 тонна құм-қиыршық қоспасы жеткізілді.

Цемент полиция өкіліне 23 маусымда жеткізілді. Цементті алған полицей, арнайы техниканың қозғалысына кедергі келтірмеуге және оны қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге уәде берген.

Полицей сотта өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтты. Ол соттан оған айыппұл салуды сұрады. Оның кәмелетке толмаған 3 жасар баласы бар.

Сот үкімімен 36 жастағы Мейірлан Ақнұров пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол бір ай ішінде 3,9 млн теңге айыппұл төлеуі керек. Ақнұров «полиция капитаны» арнайы атағынан айрылды, енді ол мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, оған шағымдануға болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар