Бұрынғы әйелін соққыға жыққан экс-әкімге сот үкімі шықты
Фото: Gov.kz
Атырауда бұрынғы әйелін ұрды деп айыпталған Атырау облысы Мақат ауданының бұрынғы әкімі Ринат Ибрагимовқа үкім шығарылды.
Бұл туралы Жоғарғы Сот хабарлайды.
Мамыр айында бұрынғы зайыбы Ринат Ибрагимовтың өзін ұрып-соққанын айтып, Ақмарал Үмбетқалиева шағымданды. Оның сөзінше, ер адам 11 жыл бойы бірге тұрған кезде отбасында балаларының көзінше қол көтеріп келген. Сондай-ақ, әйел балаларын бір жыл көрмегенін мәлімдеді. Ибрагимов болса бұның бәрін жала деді.
Алайда, Ринат Ибрагимов ҚР қылмыстық колдекстің 107- бабы, 2-бөлімінің 3-тармағы, яғни,«қасақана адам денсаулығына зақым келтіру» бойынша кінәлі деп танылды.
«Ринат Ибрагимов айыпты деп танылсын және оған 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Жазаны өтеу кезінде оған мемлекеттік органдарға ескертпей тұрғылықты мекен-жайын және жұмыс орнын ауыстыруға тыйым салынады. Сондай-ақ Атырау облысынан шығуға тыйым салынады.Тұрғылықты жерінен сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін шығуға, алкагольдік ішімдіктер ішетін орындарға және құмар ойын ойнайтын жерлерге де баруға тыйым салынады. Одан Ақмарал Үмбетқалиеваға келтірген моральдық зақымдары үшін 2 миллион теңге өндірілсін» деп үкім шығарды сот.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады