«Бұл – жаңа саяси модель» — Тоқаев ірі реформа туралы айтып, Құрылтайда нақты идея ұсынылатынын меңзеді
Фото: Ақорда
Ақордада алдағы конституциялық реформаға қатысты мәселелер қайта талқыланды. Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы отырысында мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин парламентті трансформациялау бойынша жұмыс барысын баяндады, деп хабарлайды Orda.kz.
Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптасқан конституциялық реформаның негізгі бағыттарын таныстырды. Бірпалаталы парламенттің өкілеттік мерзімі, сайлау тәртібі, заң шығару тетіктері және басқа билік институттарымен өзара іс-қимылы қарастырылған.
Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан ұсыныстардың eOtinish пен eGov платформалары арқылы, сондай-ақ саяси партиялардан, бизнес өкілдерінен және заңгер-ғалымдардан түскенін айтты.
Ақорда мәліметінше, президент талқылау нәтижелері мен сараптамалық қорытындыларды мұқият зерттеп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл реформа заң шығарушы билікті қайта форматтауға бағытталғанын атап өтті.
Президенттің айтуынша, Ұлттық құрылтай отырысында нақты идеялар ұсынылады. Парламенттік реформаны іске асыру үшін Конституцияның бірнеше бөлімі қайта қаралуы тиіс, ал ұсынылған түзетулер мазмұны жағынан Қазақстанның жаңа Конституциясын талқылауға негіз болады.
Саясаттанушы Ғазиз Әбішев болашақ парламенттің Конституциялық сот пен құқық қорғау органдарына ықпалы қандай болатыны маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, жаңа билік теңгерімі қалыптасса, парламенттің ықпалы артуы мүмкін. Ал керісінше жағдайда реформа құрылымдық өзгерістермен ғана шектелуі ықтимал.
Айта кетейік, Трамп Тоқаевты Газадағы бейбітшілік кеңесіне шақырды.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады