Букмекерлік жарнамаларға тыйым салынады
Фото: Pexels
Букмекерлік кеңсе жарнамасына тыйым салу туралы түзетулер қабылданды, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәжілістің жалпы отырысында жұмыс тобы ғимараттар мен құрылыстарда, онлайн-платформалар мен БАҚ-та букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға тыйым салуға қатысты түзетулерді қабылдады.
Алай бұл түзетуге спорттық іс-шаралар өткізу кезінде спорт нысандарының ішінде орналасқан жарнама, букмекерлік кеңселердің интернет-ресурстары мен спорттық бағыттағы БАҚ пен абоненттік мобильді құрылғылардағы жарнама кірмейді.
Бұл ретте отандық телеарналар халықаралық спорт жарыстарын тікелей трансляциялау кезінде букмекерлік кеңселер мен ұтыс ойынын жарнамалай алады. Сонымен қатар түзетулер ұялы байланыс операторларына электронды казинолар, онлайн-казинолар, сондай-ақ халықтың абоненттік құрылғыларына құмар ойындар мен бәс тігулер туралы жарнаманы қамтитын мәтіндік хабарламаларды жіберуге тыйым салуды көздейді.
Сондай-ақ депутаттар шартты түрде сотталғандарға құмар ойындарға қатысуға тыйым салуды ұсынды.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады