ҰБТ-дағы Қабатовтың қызына қатысты жанжал: сот үкім шығарды

cover Коллаж: Ernur.kz

Елорда соты Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) кезінде жалған құжат жасады деп айыпталған білім беру орталығының басшысына қатысты үкім шығарды.

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты қылмыстық қудалау органы жалған құжат жасады деп айыпталған 140+1 білім беру орталығының басшысы Нұрбек Қанайға қатысты үкім шығарды.

– 2021 жылдың жазында мектеп оқушыларының ҰБТ-дан жоғары бал жинап, білім беру орталығының оң имиджін қалыптастыру мақсатында техникалық құралдарды пайдаланып, тестілеуден өтіп жатқан төрт мектеп бітірушінің жеке куәліктеріндегі фотосуреттерді ауыстырған, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, тәркіленген кеңсе техникасымен, жалған құжат пен жеке куәліктегі фотосуреттерді ауыстыру туралы сот-техникалық сараптамасының қорытындыларымен, сотталушының кінәсін мойындау айғақтарымен дәлелденді.

Нәтижесінде сот Қанайдың жүріс-тұрысына пробациялық бақылау орната отырып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 2021 жылдың маусым айында белгілі қазақстандық әзілкеш әрі тележүргізуші Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына ҰБТ-ны тағы бір адам тапсырғаны белгілі болды. кейін осы жағдаға байланысты әлеуметтік желіде жанжал шыққан болатын.

Қыздың әкесі Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желіде алаяқтық туралы ақпаратты жоққа шығарған жазба жариялады. Айтуынша, қызы шетел университетіне түсуге дайындалып жатқандықтан, ҰБТ-дан жоғары бал алудың қажет болмағанын айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар