Бразилияда су тасқыны салдарынан 30 адам қаза тапты

cover Фото: Бейнеден кадр

Бразилияның Минас-Жерайс штатында нөсер жауыннан кейін су тасқыны болды. Әсіресе Жуиз-де-Фора және Уба қалаларын су шайып кетті, деп хабарлайды Orda.kz BBC агенттігіне сілтеме жасап. 

Табиғи апат салдарынан кемінде 30 адамның қаза тапқаны расталды. Құрбандардың басым бөлігі Жуиз-де-Фора қаласында тіркелген. Із-түзсіз жоғалған адамдар әлі табылмады. Елде төтенше жағдай жарияланды. Сонымен қатар үкімет зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек көрсету және қалпына келтіру үшін жұмыс тобы құрылғанын айтты.

Жуиз-де-Фора қаласында шамамен 440 адам баспанасыз қалған. Билік уақытша баспана ұйымдастырып, су, азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз етуде. 

Қала мэрі Маргарида Саломао бұл оқиғаны өзінің бес жылдық қызметіндегі «ең қайғылы кезең» деп атап, үш күндік аза тұту күнін жариялады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар