Болат Жәмішев жаңа лауазымды қызметке сайланды
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев директорлар кеңесінің мүшесі, қордың тәуелсіз директоры болып сайланды.
«Қоғамдық кеңес басшысын директорлар кеңесінің құрамына енгізу - «Самұрық-Қазына» қорының қызметіне бақылауды күшейту бағдарламасының бір бөлігі. «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесі 2021 жылдың желтоқсанында кандидаттарды ашық конкурспен іріктеу арқылы құрылды. Оның құрамында 10 адам бар: 7 азаматтық қоғам өкілі және қордың 3 өкілі. Кеңес бас қордың, оның портфельдік компанияларының да қызметіне қоғамдық бақылау жүргізеді. Кеңес мүшелерінің жұмысы қоғамдық бастамалар негізінде жүзеге асады. Болат Жәмішев Қаржы министрі, Өңірлік даму министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы, Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Экономика ғылымдарының кандидаты» делінген қордың баспасөз хабарламасында.
Жаңалықтар
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады
- Музейлер түні 2024: Алматы мен Астананың толық бағдарламасы
- Бішкекте шетелдіктермен төбелес болып, мыңдаған адам көшеге шықты
- Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үйдің құрылысы басталады
- Бектенов Тоқаевқа су тасқыны зардаптарын жою туралы баяндады
- Жыл басынан бері мемлекет пайдаланылмай жатқан 645 мың гектар жерді қайтарды
- Өнеркәсіп министрі депутаттармен және белсенділермен қайта өңдеу төлемі мәселесін талқылады
- Тоқаев «Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі туралы» заңға қол қойды
- Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов мәлімдеме жасады
- Қазақстанда теократиялық жүйе орнатқысы келген 8 адам сотталды
- Қазақ тілін және ел тарихын білмейтіндер Қазақстан азаматтығынан шығарылады
- «Медеу» табиғи саябағындағы 35 гектар болатын 10 жер телімі мемлекетке қайтарылды
- «ҚазАвтоЖол» жол бойындағы сервисті дамытуға шақырады
- «Қазақфильм» жобалары мемлекет қаражатының 95 пайызын өтемейді
- Маңғыстау облысының жаңа әкімі таныстырылды
- Құлсарылықтарға Қаржы министрлігі көмектесе ме?
- 350 мың доллар пара беруге итермелеп, он жылға бас бостандығынан айырылды
- Атырау облысының әкімі Шәпкенов төтенше жағдайларды жою жөніндегі штаб отырысын өткізді
- «Азаттық» тілшісіне қоқан-лоқы жасалды
- Бюджеттегі ысырапшылдық: 500 миллиард теңгеге жуық қаржы құрдымға кетті