БҚО-да есепші онлайн казинода жеті миллион бюджет теңгесін ұтқызды

cover Orda.kz

Қаратөбе аудандық соты бюджеттің бірнеше миллион теңгесін ұрлап, құмар ойынға жұмсаған мемлекеттік мекеменің есепшісіне үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, есепші мекеме басшысына тиесілі ЭЦҚ кілтін заңсыз пайдаланған. Ол бюджет ақшасын өз шотына заңсыз аударған – осылайша, 7 миллион теңгеге жуық қаржыны жымқырған. Соңында есепшінің қылмыстық жоспары әшкереленіп, 189  баптың 3-бөлігі бойынша (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi iрi мөлшерде иемдену және жымқыру) қылмыстық іс қозғалды. 

Есепші өз кінәсін мойындап, ұрланған ақшаны құмар ойынға жұмсағанын айтты. Кінәлі өз бастамасымен келтірілген шығынның бір бөлігін өтеп берді дегенмен, ол миллионды ғана қайтара алды.

Сот есепшіні үш жыл алты айға бас бостандығынан айырды, сондай-ақ сол мерзімде бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар