Бюджет тапшылығы Ұлттық қормен жамалады

cover Фото: pixabay

Мәжіліс алаңында ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин ұлттық қордан 2 триллион теңге  қаражат алатындығын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

«Біз қазір нақты бір соманы айта алмаймыз. Металлдар мен мұнай бағасы төмендеп жатқанын көріп отырсыздар. Республикалық бюджеттің барлық кірістері осыған байланысты және олар төмендеп жатыр. Біз жылдың соңына дейін қанша салық жиналатынын есептуіміз керек. Осы жетіспеген  айырмашылық ұлттық қордан қосымша алынатын нысаналы трансферт болады», — деді Әмрин.

Сонымен қатар, экономика вице-министірі қазіргі таңда бюджет тапшылығы шамамен 3 триллион теңгеге жеткенін айтты. 

«Қазір қаржы министрлігі жыл соңына дейін кірістің қанша болатынын есептеп жатыр. Осы көрсеткішке сүйене отырып, нысаналы трансферттің көрсеткіші нақты белгілі болады. Менің ойымша 2024 жылға 1,5-2 трлн теңгеден аспайды», — деді вице-министр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар