Биылғы 1 ақпаннан бастап көп қабатты тұрғын үй құрылысына талап күшейтілді
Фото: Pixabay
Енді 28 метрден жоғары көп пәтерлі үйлерді - бұл шамамен 8-10 қабатты - өрт қауіпсіздігі туралы қорытындысыз пайдалануға беруге болмайды. ҚР ТЖМ «Азаматтық қорғау туралы» заңына 2025 жылдың жазында қол қойылған түзетулер күшіне енгеннен кейін жаңа талаптарды қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Егер бұрын қабылдау жиі жүрдім-бардым жүргізілсе, енді құрылыс салушыларға салынған үйдің толыққанды өрт-техникалық тексеруден өткізуге тура келеді. Енді гидранттар жұмысы, түтінді жою жүйесі, өрт шығу жолдары, материалдардың отқа төзімділігі және қауіпсіздіктің басқа да негізгі элементтері тексеріледі.
Сәйкестік туралы қорытындыны аумақтық ТЖ басқармалары мен департаменттері береді. Өтінімді онлайн - eGov арқылы «Е-лицензиялау» жүйесіне тапсыруға болады.
ТЖМ атап өткендей, өзгерістердің мақсаты - өрт пен апат қаупін азайту және тұрғын үйді адамдар үшін қауіпсіз ету. Бұл ретте жаңа ережелер үйлерді тапсыру мерзіміне әсер етуі мүмкін: кілттер тұрғындарға құтқарушылардың ресми қорытындысынан кейін ғана берілетін болады.
Еске салсақ, былтыр Алғабас ауылындағы 12 адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік өрттен кейін министрлер кабинеті тексеру жүргізіп, маңызды шаралар қабылдау керек екенін айтқан болатын. қайғылы оқиғаның себептерін тергеу үшін арнайы комиссия құрылып, топты вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарды. Оның құрамына бірнеше ведомстволардың өкілдері кірді.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстандықтар өз кінәсінен өрт құрбаны болуда — ТЖМ
- Түркиядағы қонақ үйде 78 адамның өмірін қиған өртке жауапты 11 адам өмір бойы бас бостандығынан айырылды
- Құтқарушыларымыз жаңа жыл түні 200-ден астам жорыққа шықты
Жаңалықтар
- Белгілі әнші Ернар Айдар жаңа көлігімен мақтанамын деп айыппұл арқалады
- Талдықорғанда сұйытылған газ тиелген цистерналар рельстен шығып кетті
- Биылғы 1 ақпаннан бастап көп қабатты тұрғын үй құрылысына талап күшейтілді
- Еліміздің 12 қаласында ауаның ластануы жоғары
- Павлодарда салынып жатқан құны оншақты миллиард болатын көпірде өрт шықты
- Атырауда «жасыл белдеуді» құрылыс салу үшін берген ауыл әкімі қызметінен кетті
- Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, Australian Open-2026 жүлдесін иеленді
- Конституцияның жаңа жобасында экс-президенттердің өміріне қолсұғылмаушылық сақталған
- Теңіздегі мұнай өндіру қайта жанданып, қалыпты жұмыс басталды
- «Ұлттық қор – балаларға» қаражаты инвестиция арқылы өсе береді
- Прокуратура қыздар университетінің ғимаратын өзіне қайтарды
- 600 миллион теңгеге жөнделген Шнайдер көпірінің қирауы: ШҚО әкімі пікір білдірді
- ЕЭК Кеңесінің алғашқы отырысында Қазақстан өз басымдықтарын айқындады
- Ұлттық банк валюталық реттеу қағидаларына ауқымды түзетулер ұсынды
- Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды
- Құлсарыда жеті жасар қызды азаптап өлтірген қылмыскер өмір бойына қатаң режимдегі түрмеге тоғытылды
- Қаржы министрлігі: жасанды зерде тендердегі ұрлыққа жол бермейді
- Қазақтелеком қажеттілігіне миллиардтаған юань қарыз алды
- «Дамытудың» ақыры – дау: Алматыда 300 отбасы үйірме ақшасын қайтара алмай отыр
- Ақтөбе облысында келінін зорлаған қайын ата 8 жылға сотталды