Бітім қыл үстінде: Израиль соққыларынан кейін Иран Ормуз бұғазын қайта жапты
Фото: Ашық дереккөзден
Израильдің Ливанға жасаған жаңа соққылары аясында Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлер қозғалысын тоқтатып, АҚШ-пен жасалған бітім келісімінен шығуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін таңертең АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Иранға соққыларды екі аптаға тоқтататынын, осының қарымтасы ретінде Ормуз бұғазы дереу ашылуы тиіс екенін айтты. Оның сөзінше, Тегеран АҚШ-қа 10 тармақтан тұратын ұсыныс жолдаған, ол алдағы келіссөздердің негізі болуы мүмкін. Негізгі шарттардың бірі — бұғазға Иранның бақылауын сақтау.
Алайда «бітім» жарияланғаннан кейін көп ұзамай Израиль қорғаныс армиясы Бейрутта және Ливанның оңтүстігінде «Хезболлаға» тиесілі 100-ден астам нысанаға соққы жасағанын мәлімдеді. Al Jazeera телеарнасының Ливан денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, шабуыл салдарынан көптеген адам қаза тауып, жараланған. Алдын ала мәлімет бойынша, бір тәулікте Израильдің Ливанға жасаған соққыларынан 722 адам зардап шегіп, 89 адам қаза тапқан.
Сонымен қатар, Иран аумағына жасалған жаңа соққылар туралы хабарлар жағдайды одан әрі шиеленістірді. Press TV мәліметінше, Лаван аралындағы мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасалған. Ал Mehr агенттігі елдің оңтүстігіндегі Сири аралында бірнеше жарылыс болғанын хабарлады. Fars агенттігінің дерегінше, жағдай ушыға түскен жағдайда Иран Израильдің әскери нысандарына жауап соққысын жасауды қарастырып жатыр.
Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағында бірнеше жерде бітім режимінің бұзылғанын айтып, мұндай әрекеттер «бейбіт үдерістің мәнін әлсірететінін» ескертті. Ол барлық тараптарды бітім шарттарын сақтауға шақырды. Исламабад Вашингтон мен Тегеран арасындағы делдалдардың бірі болды.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт Axios басылымына берген сұхбатында бітім келісіміндк Ливан туралы сөз болмағанын мәлімдеді.
Айта кетейік, бүгін ғана АҚШ пен Иран Пәкістанның араағайындығымен екі апталық атысты тоқтату туралы келісті. Осы кезеңде Иран Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігіне кепілдік берді. Америка басшысы сондай-ақ Иранның энергетикалық инфрақұрылымына ықтимал соққыларды екі аптаға шегеретінін айтты. Израиль осы уақыт аралығында атысты тоқтату режимі күшінде болатын уағданың біт-шытын шығарды.
Кеше түнде Иран СІМ басшысы Аббас Арагчи АҚШ келіскен 10 тармақты жариялады. Олардың ішінде «барлық бағыттарда, соның ішінде Ливандағы «Хезболлаға» қарсы соғысты тоқтату» бар. Сондай-ақ тармақтар қатарында бастапқы және екінші деңгейлі санкцияларды жою, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің барлық қарарларының күшін тоқтату, Иранға өтемақы төлеу және америкалық әскери күштерді өңірден шығару мәселелері қамтылған болатын.
Оқи отырыңыз:
- АҚШ пен Иран 14 күнге бітім жариялады: Тоқаев құптады
- Таяу Шығыстағы ахуал: Трамп айтқан «алтын дәуір» бастала ма?
- 14 күндік келісім: Пезешкиан Пәкістанға делдал болғаны үшін алғыс білдірді
Жаңалықтар
- Алматы облысында 2 балдық жер сілкінісі болды
- Бітім қыл үстінде: Израиль соққыларынан кейін Иран Ормуз бұғазын қайта жапты
- 14 күндік келісім: Пезешкиан Пәкістанға делдал болғаны үшін алғыс білдірді
- Қырғызстанда қазақстандық әйелге бала саудасы бойынша үкім шықты
- Италия сапары мен қымбат тұрмыстық техника: Астанадағы қалалық емханада 675 млн теңге жымқырылған
- Перизат Қайрат түрмеде тазалықшы болып жұмыс істеп жүр
- Тоқаев Корея президентінің арнаулы өкілімен қазақ-корей ықпалдастығын одан әрі нығайту жолдарын талқылады
- Қазақстан Түркияның әскери мүлкі мен әскери қызметкерлерінің транзитіне рұқсат береді
- Мәжіліс депутаты радикал діни ағымдарға заңмен тыйым салу мәселесін қайта көтерді
- Мемлекеттік қызметкердің есірткіге әуестігі тексеріледі: Мәжіліс заң жобасын қарап жатыр
- Магнус Карлсенмен суретке түскен Алуа Нұрман халықаралық турнирден 2-орын алды
- Қаңғыбас иттерді өлтіруге рұқсат берілді
- Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратында болған өрттің алдын ала себебі белгілі болды
- Алматыда 2030 жылға дейінгі қаланың бас жоспарына сай қай жолдар ұзарып, қандай нысандар сүріледі?
- Әділетхан Молдахан 2 айға қамауға алынды
- Коуч пен психологтардың құқықтық мәртебесі заңмен айқындалмақ
- Қозы Көрпеш – Баян Сұлу мерекесі жайлы не білеміз?
- Сағатына 100 мың жалған хабарлама: Құпия деректер мен банктегі қаражатты қолды қылатын алаяқтардың жолы кесілді
- Таяу Шығыстағы ахуал: Трамп айтқан «алтын дәуір» бастала ма?
- Әкімдіктегілер түстен кейін жұмысына оралады — Ақтөбе облысының әкімі