«Бір адам қаза тапты»: Түркістан облысында мемлекеттік қызметкерлер тұратын үйде жарылыс болды
Фото: Orda.kz
Түркістан облысының Отырар ауданында газ жарылып, 35 жастағы Әсел Әмірханқызы көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Әйелдің денесінің 90 пайызы күйіп, ол жансақтау бөлімінде бір апта бойы ем қабылдаған.
Алайда алған жарақаттары тым ауыр болып, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Марқұм педиатр болып жұмыс істеген. Ол өзі тұрып жатқан үйді екі жыл бұрын мемлекеттік бағдарлама арқылы алған. Артында жұбайы мен екі баласы қалды. Қайғылы оқиға кезінде олардың ешқайсысы үйде болмаған.
Жарылыс 30 қазан күні Отырар ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Бұл үй мемлекеттік бағдарлама аясында төрт жыл бұрын ғана салынған. Мұнда дәрігерлер, прокурорлар мен судьялар тұрады. Осы уақытқа дейін үйлерге тек ыстық су ғана берілген, ал газ апат болардан бір күн бұрын ғана қосылған екен.
Қазір жарылыстың нақты себебі анықталып жатыр.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады