Биліктегілерге «сыйақы»: Ақтөбеде 6 млрд жымқырған мұнай компаниясының 5 қызметкері сотталды

Ақтөбеде №2 қалалық сот «Ту-Ха мұнай технологиялық қызмет көрсету компаниясының» ісі бойынша бес адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу мәліметінше, 2007–2021 жылдар аралығында компания директорының орынбасары, бас бухгалтер және олардың үш әріптесі кәсіпорынның 6 миллиард теңгеден астам қаражатын жымқырған.
Сотта олар бұл ақшаны мемлекеттік органдардағы шенеуніктерге «сыйақы» ретінде бергенін айтқан.
Алайда сот бұл уәжді дәлелсіз деп танып, оны «жауапкершіліктен қашу» әрекеті деп бағалады.
Іс материалдарына сәйкес, айыпталушылар ұрланған ақшаға елдің әр қаласынан 16 пәтер, 8 жер телімі, «Юрта Парк» пен балаларға арналған «Принцесса Сабина» кешенін қоса алғанда 3 ойын-сауық орны, 4 бизнес санаттағы автокөлік және басқа да мүліктер сатып алған.
Нәтижесінде сот оларды 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Айыпталушылардың бірі сот залында қамауға алынды.
Жаңалықтар
- «Бір адам қаза тапты»: Талғарда қызметтік көлікпен аң аулауға шыққан әкім жол апатына ұшырады
- «Зілзала тіркелді»: Алматы тұрғындары жер сілкінісі туралы ескерту алды
- Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапты
- Талғат Шаяхметов ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы болды
- Биліктегілерге «сыйақы»: Ақтөбеде 6 млрд жымқырған мұнай компаниясының 5 қызметкері сотталды
- «БҚО-да оқушы өз-өзіне қол жұмсады»: мектеп директоры мен психологқа қатысты тергеу басталды
- Трамп Путинмен Будапеште кездеспейтін болды
- Облыс әкімінің бұрынғы орынбасарының ұлы мемлекеттік кірістер департаментіне қызметке орналасты
- Оқу-ағарту министрі өзіне айтылған сынға жауап берді
- «Күйеуі Кореяға жұмысқа кеткен»: 34 жастағы әйел 5 баласымен тірідей жанып кетті
- «Тоқаев мырза! Бейбіт тұрғындар қаза тапты»: Ауғанстан қазақтары Солтүстікке көшуді сұрады
- Қоспаевтың содырлары сотта Әбдіғаппарованы 9 пәтерді алды деп айыптады
- Алматы мен Варшава арасында тікелей рейс ашылады
- Енді әлеуметтік желіде репост жасағандарға айыппұл салынады
- Қостанай облысында тойда 150 адам уланып қалды
- Енді ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін
- Бізде ақша тым көп, содан инфляция болады – Сүлейменов
- Рудныйда телефон жөндеймін деп адамдардың есеп шотынан ақша ұрлаған ұры ұсталды
- Ақмола облысында әкесі мен баласы өртке оранған үйден үш баланы аман алып қалды
- Шымкентте бұрынғы депутатқа екінші рет іздеу жарияланды